Blog

Өнім молшылығы зертханадан басталады – БАҚ

by 23.04.2026
«Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Есенбай Исламов республикалық «Казахстанская правда» газетіне сұхбат берді.
Сұхбат барысында ол ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мәселелері туралы айтты.
Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.
Урожай начинается в лаборатории – СМИ
Председатель правления ТОО «Казахский научно-исследовательский институт экономики АПК и развития сельских территорий», доктор сельскохозяйственных наук Есенбай Исламов дал интервью республиканской газете «Казахстанская правда».
В беседе он рассказал о повышении эффективности сельскохозяйственного производства и укреплении конкурентоспособности отечественной продукции.
Подробнее читайте по ссылке: https://kazpravda.kz/n/urozhay-nachinaetsya-v-laboratorii/
@agro__press @nasec.kz

Агрокооперация – ауыл дамуының тетігі: Астанада жаңа тәсілдер талқыланды

by 17.04.2026
2026 жылғы 16 сәуірде Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға арналған республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының жаңа заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Жиынға мемлекеттік органдар, бизнес, ғылыми қауымдастық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Соңғы жылдары елімізде кооперативтер санының артуы, өндіріс көлемінің өсуі сияқты оң үрдістер байқалғанымен, басқару тәжірибесінің жеткіліксіздігі, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулігі және кооперация мәдениетінің әлсіздігі сияқты мәселелер өзекті күйінде қалып отыр.
Семинар барысында заңнаманы жетілдіру, салық саясатын қайта қарау және мемлекеттік қолдау тетіктерін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар кооперативтерді сан жағынан ғана емес, сапа тұрғысынан дамыту қажеттігін атап өтті.
Қазақ агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Ғалия Акимбекова өз сөзінде:
«Бүгінгі таңда кооперативтердің санын арттырумен қатар, олардың тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін заңнаманы жетілдіру, пилоттық жобаларды іске асыру және “егістен сөреге дейін” кооперациялық тізбекті дамыту қажет», – деп атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, олар жаңа заң жобасын дайындау барысында ескерілетін болады.
@agro__press @nasec.kz

Қазақстан ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!

by 11.04.2026
Құрметті әріптестер!
Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ұжымы атынан Сіздерді Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев:
«Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының үдесінен болады», – деп айтқан.
Сіздердің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз, ғылыми тұжырымдамаларыңыз бен жүзеге асқан жобаларыңыз отандық ғылым рухын айқындайды. Сол үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ғылымды, техниканы және инновацияларды дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі.
Сіздерге мықты денсаулық, шаттық, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер және барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту
ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы
Есенбай Исламов
С Днем работников науки Казахстана!
Уважаемые коллеги!
От имени Казахского НИИ экономики АПК и развития сельских территорий поздравляем Вас с Днем работников науки Казахстана!
Великий казахский ученый, академик Каныш Сатпаев писал:
«Только наука, которая укрепляет и обогащает свои знания опытом жизни, передает полученные знания, делает большие и малые открытия, идет в ногу со временем, как это необходимо народу».
Хотим поблагодарить Вас за ежедневный кропотливый труд, уникальные проекты и работы, в которых воплощается дух отечественной науки.
Развитие науки, техники и инноваций – одно из основных направлений повышения конкурентоспособности страны.
Примите искренние пожелания благополучия, творческого вдохновения, новых научных достижений и успешной реализации всех намеченных планов. Крепкого здоровья Вам и Вашим близким!
С наилучшими пожеланиями,
Председатель Правления Казахского НИИ экономики АПК и развития сельских территорий
Есенбай Исламов
@agro__press @nasec.kz

Современное животноводство: слабая логистика, недостаточная цифровизация – СМИ

by 11.04.2026
«Литер» газетінің жаңа санында «Заманауи мал шаруашылығы: әлсіз логистика, цифрландырудың жеткіліксіздігі» атты көлемді сұхбат жарияланды.
Саладағы өзекті мәселелер, цифрландыру, логистика, өндіріс тиімділігі және экспорттық әлеует туралы ҚР АӨК экономикасы және АДҒЗИ «Аграрлық нарық» бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Хан кеңінен айтып берді.
Толық сұхбатты сілтеме арқылы оқыңыз.
В свежем выпуске газеты «Литер» опубликовано интервью «Современное животноводство: слабая логистика, недостаточная цифровизация».
О проблемах и перспективах отрасли, вопросах цифровизации, логистики, повышения эффективности производства и экспортного потенциала подробно рассказал заведующий отделом «Аграрный рынок» КазНИИ экономики АПК и РСТ, доктор экономических наук, профессор Юрий Хан.
Подробности по ссылке: https://liter.kz/sovremennoe-zhivotnovodstvo-slabaia…/
@agro__press @nasec.kz

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту семинары өтті

by 09.04.2026
Бүгін ҚазАӨКЭжААДҒЗИ агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және дамыту тақырыбында семинар өткізді. Оған өңірлік атқарушы органдардың (облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктер) мамандары, СХТП басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ сервистік және логистикалық бағыттағы мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Семинар онлайн форматта өткізілді, бұл өңірлердің кеңінен қатысуын қамтамасыз етті. Қатысушылар кооперацияны дамытудағы нормативтік-құқықтық базаны, ауыл шаруашылығы кооперативтерін тиімді басқару мен экономикалық механизмдерін, қызмет көрсету, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өнімді сату нарықтарына және қаржылық ресурстарға қол жеткізу мәселелерін талқылады.
Бұл іс-шаралар тәжірибе алмасуға, проблемалық мәселелерді анықтауға және өңірлерде ауыл шаруашылығы кооперациясы бойынша түсіндіру және білім беру жұмыстарын жүргізетін тренерлер мен сарапшылар пулын қалыптастыруға бағытталған.
@agro__press @nasec.kz

Ғылым күніне орай жас ғалымдармен кездесу өтті

by 09.04.2026
2026 жылғы 8 сәуірде Қазақ аграрлық – өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Ғылым күніне орай жас ғалымдармен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараны Институттың Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Есенбай Исраилович Исламов ашты. Кездесуге тәжірибелі ғалым-экономистер мен Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы академиктері қатысты.
Жиынға барлығы 16 жас ғалым – докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Олардың қатарында Қазақ аграрлық зерттеу университеті білім алушылары, сондай-ақ Қытай, Ауғанстан және Түрікменстан елдерінен келген студенттер болды.
Кездесу барысында институттың 92 жылдық тарихы, ғылыми жетістіктері мен аграрлық саладағы заңнамаларды әзірлеуге қосқан үлесі таныстырылды. Тәжірибелі ғалымдар өздерінің ғылымдағы жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, профессор Укиляй Керимова «Қазақстанның аграрлық секторының экономикасының дамуы: проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері, халықаралық тәжірибе және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері талқыланды.

Subscribe to our newsletter

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Proin porttitor nisl nec ex consectetur, quis ornare sem molestie.