Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дс-Жм)

Blog

Ғылым күніне орай жас ғалымдармен кездесу өтті

in Жаңалықтар 09.04.2026
2026 жылғы 8 сәуірде Қазақ аграрлық – өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Ғылым күніне орай жас ғалымдармен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараны Институттың Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Есенбай Исраилович Исламов ашты. Кездесуге тәжірибелі ғалым-экономистер мен Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы академиктері қатысты.
Жиынға барлығы 16 жас ғалым – докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Олардың қатарында Қазақ аграрлық зерттеу университеті білім алушылары, сондай-ақ Қытай, Ауғанстан және Түрікменстан елдерінен келген студенттер болды.
Кездесу барысында институттың 92 жылдық тарихы, ғылыми жетістіктері мен аграрлық саладағы заңнамаларды әзірлеуге қосқан үлесі таныстырылды. Тәжірибелі ғалымдар өздерінің ғылымдағы жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, профессор Укиляй Керимова «Қазақстанның аграрлық секторының экономикасының дамуы: проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері, халықаралық тәжірибе және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері талқыланды.