Blog

Еңбек еленіп, ерен еңбек ерекше құрметке бөленді

in Жаңалықтар 30.10.2026

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, еңбек адамдары мен қоғам қайраткерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық марапаттары табысталды.

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында ҚазАӨКЭжААДҒЗИ қызметкері Надежда Крымская да бар.

Бұл жоғары марапат – адал еңбек пен кәсіби біліктіліктің, өз ісіне деген жауапкершілік пен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестің айқын көрінісі.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов марапат иелерін құттықтап, әр азаматтың адал еңбегі ел дамуының маңызды негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегін бағалаудың маңыздылығына тоқталды.

Надежда Крымскаяны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен ерекше құттықтай отырып, бұл марапат оның кәсіби қызметіне берілген жоғары баға әрі еңбегінің лайықты жемісі екенін атап өтеміз.

Барша марапат иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке, еңбектеріне толағай табыс, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз!

Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болып, әрдайым құрмет пен қошеметке бөлене беріңіздер!

Құрметпен,
ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма төрағасы Есенбай Исламов