Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дс-Жм)

Blog

Алматыда ғалымдар мен агробизнес өкілдері кездесті

in Жаңалықтар 25.08.2025
2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласында «АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Бақша шаруашылығында кооперацияны дамыту» тақырыбына арналған ғалымдар мен агробизнес өкілдерінің жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – бақша шаруашылығы саласының проблемалық мәселелерін жан-жақты талқылап, бірлесіп практикалық шешімдер қабылдау.
Саланың өзекті мәселелерін шешудегі негізгі бағыттардың бірі ретінде ресурстарды біріктіру, шығындарды азайту, сапа мен рентабельділікті арттыру, сондай-ақ өткізу нарықтарын кеңейту құралы ретінде кооперацияны қарастыру ұсынылды.
Жұмыс кездесуіне – дөңгелек үстелге бақ иелері (шағын және орта шаруашылықтар), экономист-ғалымдар, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (НАНОЦ) салалық ғалымдары мен тәжірибелі мамандар, сала сарапшылары мен бейінді мамандар қатысты.
Кездесуде бақша шаруашылығы саласындағы мынадай өзекті мәселелер мен қазіргі сын-қатерлер жан-жақты талқыланды:
өнімнің өзіндік құны, логистика, өткізу, сапа;
кооперация: бірлескен сатып алу, сақтау және сұрыптау, қайта өңдеу, брендтеу;
мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыруға қолжетімділік;
пилоттық бастамалар мен жұмыс тобының құрамы, бастапқы іс-қимыл жоспары.
Қатысушылар бақ алаңдары мен құрылымы, сақтау/сұрыптау/қайта өңдеу инфрақұрылымының қолжетімділігі, өткізу арналары мен олардың тар орындары, сондай-ақ кооперациядан күтілетін нәтижелер жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесу жұмысына ҰАҒБО активтерді басқару департаментінің директоры – Садыков Серік Төлеубаевич, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының президенті, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Есполов Т.И., «ҚазҒЗИЭАӨКжААД» ЖШС басқарма төрағасы – Исламов Е.И., ҚР ҰҒА академиктері, э.ғ.д. Григорук В.В., Молдашев А.Б., Акимбекова Г.У., Жумашева С.Т., Алматы облысы «Қонаев» ӘКК төрағасының кеңесшісі – Омаров К.А., салалық қауымдастықтар мен кәсіпорындардың басшылары – Нармухан Сарыбаев, Емберген Б.К., Жамиев Арман, сондай-ақ «ҚазҒЗИжеміс-көкөніс шаруашылығы», «ҚазҒЗИ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі» жетекші ғалымдары қатысты.
Кеңеске қатысушылар барлық мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлескен жұмыс тобын құру туралы ортақ шешім қабылдады. Оның негізгі бағыты – бақша шаруашылығын «генетикадан бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімдеріне дейін» дамыту. Сондай-ақ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру үшін ғылыми-техникалық тапсырма әзірлеу, аналитикалық зерттеулер негізінде пилоттық аудан мен облысты айқындау, бақша шаруашылығындағы кооперативті инновациялық-экономикалық модельдерге сүйене отырып құрудың жоспар-концепциясын дайындау мәселелерін қарастыру жоспарланды.