Blog

АГРО-ҒЫЛЫМ ПОДКАСТЫ

by 28.09.2026

Шығарылым қонағы – «Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исраилұлы Исламов.

Экономика институты Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арналған консультациялық іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Ауыл шаруашылығы саласында білім тарату бағдарламасы аясында фермерлер үшін мемлекеттік қолдау, кооперация және органикалық егіншілік бағыттары бойынша семинарлар мен біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Толық шығарылымды Agrobilim Online YouTube арнасынан көріңіздер!
Белсенді сілтеме профильде, стористе және «Актуалды» бөлімінде сақталған.
https://www.instagram.com/reel/Dd09FvlMu8P/?stkn=MWVvd21lZjl6em5udA==

25 қыркүйек – Қазақстандағы Жалпыұлттық аза тұту күні

by 25.09.2026

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Есенбай Исламов және институт ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Орны толмас ауыр қазаның қайғысын бөлісіп, марқұмдардың отбасыларына осы қиын сәтте сабыр мен төзім тілейміз. Қаза тапқандардың жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталсын.

@agro__press @nasec

«Бақ күні – 2026»: ғылым аграрларды біріктірді

by 15.09.2026
11 қыркүйекте Алматы облысының Қаракемер ауылында «Жасыл бағыт: ғылымды, кәсіптік білім мен аграрлық өндірісті ықпалдастыру» тақырыбындағы «Бақ күні – 2026» іс-шарасы өтті. Ауқымды басқосу ғалымдарды, оқытушыларды, сала мамандары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бір алаңға жинады.
Іс-шараға Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының өкілдері де қатысты. Олар аграрлық сала мамандарымен бірге ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, білікті кадрлар даярлау және ғылым, білім мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
KazNARU ғалымдары өздерінің перспективалы әзірлемелері мен зерттеу нәтижелерін таныстырды. Отандық селекция жетістіктеріне, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарының жаңа сорттарына, сондай-ақ өнімділік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи өсіру технологияларына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, аграршылардың өзекті қажеттіліктерін саралады. Сонымен қатар ғылыми жаңалықтарды шаруашылықтарда тиімді қолдану және инновациялық тәсілдерді өндіріске жедел енгізу жолдары талқыланды.
«Бақ күні – 2026» ғылым, кәсіптік білім және өндіріс арасындағы тығыз байланыстың аграрлық саланы технологиялық жаңғыртуға берік негіз қалайтынын көрсетті. Мұндай ашық диалог инновациялардың өндіріске жетуін жеделдетіп, шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға және Қазақстан ауыл шаруашылығының орнықты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.
@agro__press @nasec

Қазақстандағы органикалық омарташылық: өндіріс, сертификаттау және жаңа нарықтар

by 20.08.2026

2026 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институтының базасында «Органикалық ара шаруашылығын дамыту: талаптар, бал өндіру және нарықтық мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Семинарға омарташылар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және органикалық өндірісті дамытуға мүдделі сала мамандары қатысты.

Семинардың модераторы әрі негізгі спикері Евгений Климов болды. Қатысушылар әлемдік органикалық бал нарығының қазіргі жағдайы мен негізгі үрдістерін, Қазақстанның мүмкіндіктерін және органикалық омарта ұйымдастыруға қойылатын практикалық талаптарды қарастырды.

Бал беретін өсімдіктер базасы мен аумақты таңдау, ара ұялары мен балауыздың шығу тегі, араларды азықтандыру, аурулардың алдын алу, бал жинау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Омарта орналасатын аумақта 3 км радиустағы қоректік база мен 6 км радиустағы ықтимал қауіп көздерін бағалау талаптары да талқыланды.

Органикалық омартаны сертификаттау бойынша практикалық бөлімді QAZAQ BIO CONTROL өкілі Илья Пампур таныстырды.

Семинар барысында органикалық балды өткізу және маркетинг мәселелері де кеңінен талқыланды. Тікелей және интернет арқылы сату, HoReCa, өндірушілер кооперациясы, экспорт пен омарта базасындағы агротуризм мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар өңірлік және терруарлық бал брендтерін қалыптастыру, монофлорлы өнімдерді дамыту, цифрлық қадағалау мен QR-таңбалауды енгізу перспективалары сөз болды.

Семинардың негізгі қорытындыларының бірі – органикалық бал тек дайын өнімнің жеке сипаттамасы емес, омартаның орналасуынан бастап араларды күтіп-баптау, өңдеу, сақтау, қадағалау және сертификаттауға дейінгі барлық кезеңді қамтитын расталған өндіріс жүйесінің нәтижесі екені атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында практикалық білімді таратуға, органикалық өндірісті дамытуға және қазақстандық ара шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға ықпал етеді.

@agro__press @nasec

ҚазАӨКЭжААДҒЗИ-да ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті

by 10.08.2026
Бүгін, 10 тамыз 2026 жылы Қазақ экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты базасында «Ауыл» партиясының төрағасы Қ. Айтуғановтың Қазақ аграрлық ғылым академиясының ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараның дәл осы институтта өтуі символдық мәнге ие. Себебі Ғани Қалиев ұзақ жылдар бойы институтты басқарып, аграрлық ғылым мен ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан және «Ауыл» партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі оның идеологиялық бастамашысы болған.
Іс-шараға Қазақ аграрлық ғылым академиясының президенті Есполов Т.И., Қазақстанның жетекші ғалымдары Григорук В.В., Мейрман Г.Т., Чоманов О.Ч., Мизамбекова С.К., ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жас ғалымдар, сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері қатысты.
Кездесуді академик Сатыбалдин А.А. жүргізіп, оның маңыздылығына тоқталды. Ол ғылыми қауымдастық пен қоғамның, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына мүдделі саяси күштердің өзара байланысын күшейтудің маңызын атап өтті.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Айтуғанов Қ.К. партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз сөзінде ол бағдарламаның басты мақсаты халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар бағдарламалық бастамаларды нақты заңнамалық тетіктер арқылы жүзеге асырып, ауыл үшін нақты өзгерістерге айналдыру қажеттігіне назар аударды.
Талқылау барысында аграрлық ғылымның қазіргі жағдайы, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, ғылым мен бизнестің өзара байланысын нығайту және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Жас ғалым, қауымдастырылған профессор Мұхаметов А.Е. ел тарапынан ғылымға қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ғылыми әзірлемелердің өндіріске шектеулі енгізілуіне байланысты ғылымнан қайтарымның әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Сонымен қатар ол ғылыми ұйымдар мен коммерциялық құрылымдар арасындағы байланысты күшейту қажеттігіне тоқталды.
Академик Мейрман Г.Т. аграрлық ғылымды дамытудың бірыңғай стратегиясының қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, ғылыми ұйымдардың өзара байланысының жеткіліксіздігі салдарынан көптеген зерттеулер тар бағытта жүргізіледі. Ғалым осыған байланысты топырақ эрозиясы, өсімдіктердің ботаникалық құрамының жұтаңдануы және топырақ құнарлылығының төмендеуі секілді мәселелерді мысалға келтірді.
Қазақ аграрлық ғылым академиясының президенті, академик Есполов Т.И. Қазақстанның аграрлық ғылымын дамыту тұжырымдамасы Аграрлық ғылым академиясының ғалымдарының қатысуымен әзірленгенін хабарлады. Оның айтуынша, ендігі маңызды міндеттердің бірі – «Ауыл» партиясының өкілдері мен Қазақстанның жетекші аграрлық ғалымдарының қатысуымен бірлескен отырыс өткізіп, аталған Тұжырымдамада көзделген бағдарламалық шараларды талқылау және қабылдау.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ғылыми және аграрлық саланың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Талқылау барысында Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының бірінші вице-президенті, ҚР ҰАҒА академигі, ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма төрағасы Есенбай Исламов, Қазақ экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының ғылым және енгізу жөніндегі орынбасары, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Ғалия Акимбекова, институттың бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰАҒА академигі Владимир Григорук, Құрылтай депутаттығына кандидат, «Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Қонырбаев, институттың ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚазААҒ корреспондент-мүшесі Сауле Жұмашева сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша өңірлік сайлауалды штабтың жұмысымен танысу ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар академик, «Ауыл» партиясының негізін қалаушылардың бірі Ғани Әлімұлы Қалиевтің бюстіне барып, ғалымның есіміне тағзым етті.
@agro__press @nasec

Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы ғылым мен инновацияның рөлі талқыланды

by 05.08.2026

Бүгін Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми қамтамасыз ету, ғылыми сүйемелдеу және инновацияларды енгізуді қолдау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сыдықов Димаш Рашидұлы, Кәсіпкерлік басқармасының, қаржы институттарының және Алматы облысының ӘКК өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудағы ғылымның ерекше маңызын атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ғылыми ұйымдарының сүйемелдеуімен инвестициялық жобаларды іске асырудың қажеттілігіне тоқталып, ғылым, бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын айтты.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сыдықов Димаш Рашидұлы қатысушыларды өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстырып, саланың басым бағыттары, инвестициялық жобалар және бірлесіп шешуді қажет ететін өзекті мәселелер туралы баяндады.

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары Алматы облысында атқарылып жатқан ғылыми жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізу барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысына байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар ғылымның өндірістегі рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізіліп, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыс істейтін шаруашылықтар базасында пилоттық жобаларды іске асыру қажеттілігі айтылды.

Ғалымдардың ұсыныстары мен бастамалары облыс әкімдігі тарапынан қолдау тауып, оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жөнінде нақты шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, тұқым шаруашылығын дамыту, топырақтың тозуына қарсы күрес, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеру, өсімдіктерді қорғау, жеміс-көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикасы, ауыл шаруашылығы кооперациясы, салалық кластерлер құру және өңірдің қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау бағыттары жан-жақты қарастырылып, қолдау тапты.

Кеңес қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірлескен отырыстарды аграрлық ғылым, жоғары білім беру ұйымдары және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде ғылыми әзірлемелерді өндіріске тиімді енгізуге және Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жаңа серпін береді.

@agro__press @nasec

Subscribe to our newsletter

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Proin porttitor nisl nec ex consectetur, quis ornare sem molestie.