All posts by: Almagul

Қазақстандық делегация GLAST-2026 форумына қатысты

in Жаңалықтар 10.11.2026

Қытайдың Санья қаласында өткен ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиялары саласындағы көшбасшылардың VIII жаһандық форумына (GLAST-2026) Басқарма төрағасы Есенбай Исламов бастаған Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты. Форумды Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы (CAAS) GLAST ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO), Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулері жөніндегі […]

Еңбек еленіп, ерен еңбек ерекше құрметке бөленді

in Жаңалықтар 30.10.2026

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, еңбек адамдары мен қоғам қайраткерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық марапаттары табысталды. Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында ҚазАӨКЭжААДҒЗИ қызметкері Надежда Крымская да бар. Бұл жоғары марапат – […]

Сичан университеті мен қазақстандық ғалымдар ынтымақтастықты кеңейтеді

in Жаңалықтар 30.10.2026

2026 жылғы 28 қазанда Қытай Халық Республикасының Сичан университетінің делегациясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтына келді. Делегацияны Сичан университетінің ректоры, профессор Бай Цзе басқарды. Оның құрамында мал шаруашылығы факультеті деканының орынбасары, доцент Хуан Цзэньвэнь; мал шаруашылығы факультетінің оқытушысы, доцент Ху Чжицян; экономика, менеджмент […]

Молдашев: Цифрландыру мен ғылым аграрлық саланы жаңа деңгейге көтереді

in Жаңалықтар 30.10.2026

ҚазАӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Молдашев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айтылған агроөнеркәсіп кешені мен аграрлық ғылымды дамыту бағыттарына қатысты пікір білдірді. Ғалымның айтуынша, ұзақ мерзімді инвестициялар, 1,5 трлн теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиелеу, тамақ өнеркәсібін дамыту, отандық ауыл […]

ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұжымы президент Жолдауын тыңдады

in Жаңалықтар 28.10.2026

Бүгін ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады. Іс-шара барысында қызметкерлер Мемлекет басшысының ел дамуының негізгі бағыттары, алдағы міндеттер мен стратегиялық басымдықтар жөніндегі ойларымен танысты. Президент Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағдарларының бірі. Онда айқындалған міндеттер алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгілеуге және жаңа мақсаттарға қол жеткізуге негіз болады. ҚазАӨКЭжААДҒЗИ […]

Азық-түлік қауіпсіздігі мен өндірістің инновациялық дамуы талқыланды

in Жаңалықтар 23.10.2026

2026 жылғы 22 қазанда Алматы технологиялық университетінде «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны университеттің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Нұрахметов ашты. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Пленарлық отырыста Қазақ агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Басқарма төрағасының орынбасары, […]

Қазақстандық ғалым XXXI Никонов оқуларында баяндама жасады

in Жаңалықтар 23.10.2026

2026 жылғы 20–21 қазанда XXXI Никонов оқулары аясында «Тұрақты ауыл шаруашылығына қарай: жетістіктер, сын-қатерлер, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Б. Молдашев экономика магистрі Ж. С. Досумовамен бірлесіп, «Баға тұрақсыздығы жағдайында Қазақстан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама ұсынды. Баяндамада 2001–2025 жылдардағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму үрдістері, ауыл шаруашылығы […]

Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту және ауыл шаруашылығы кооперациясын жетілдіру мәселелері талқыланды

in Жаңалықтар 16.10.2026

2026 жылғы 16 қазанда Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Құрылтай депутаттары ұйымдастырған «Жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жағдай жасау және кооперативтерін дамыту қажеттілігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Мәжит Мәжілісінің депутаты емес, Құрылтай депутаты Насибулов Максат Бейбітұлы модератор ретінде жүргізді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім […]

АГРО-ҒЫЛЫМ ПОДКАСТЫ

in Жаңалықтар 28.09.2026

Шығарылым қонағы – «Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исраилұлы Исламов. Экономика институты Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арналған консультациялық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Ауыл шаруашылығы саласында білім тарату бағдарламасы аясында фермерлер үшін мемлекеттік қолдау, кооперация және органикалық егіншілік бағыттары бойынша семинарлар мен біліктілікті […]

25 қыркүйек – Қазақстандағы Жалпыұлттық аза тұту күні

in Жаңалықтар 25.09.2026

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Есенбай Исламов және институт ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. […]