Алматыда Қазақстан мен Қытай аграрлық ғылым академиялары ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
2026 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында ҚХР ШҰАР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының делегациясымен ресми кездесу өтті. Делегацияны вице-президент Дай Чжуншэн бастап келді. Құрамында 11 адам болды, оның ішінде Экономика институтының директоры және ғылыми орталықтардың жетекшілері бар. Кездесу барысында тараптар аграрлық ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми зерттеулерді тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. […]











