All posts by: Almagul

Астанада ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Солтүстік филиалының даму перспективалары талқыланды

in Жаңалықтар 20.03.2026

19 наурыз күні Астана қаласында ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Солтүстік филиалының базасында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы Басқарма төрағасының ғылым және білім жөніндегі орынбасары Максим Сутуламен таныстыру сипатындағы жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында профессор, экономика ғылымдарының докторы Хан Ю.А., экономика магистрлері Рахимбекова А.Т. мен Турмамбаева Г.Г. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ), гранттық қаржыландыру (ГФ) және халықаралық жобалар аясында атқарылып жатқан […]

Ұлттық киім күні – ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мереке

in Жаңалықтар 19.03.2026

Бүгін Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Салтанатты жиынға Институттың Басқарма Төрағасы, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Президенті мен Президиум мүшелері, Алматы қалалық «Ауыл» партиясы филиалының өкілдері, танымал экономист-ғалымдар мен жас мамандар белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін […]

Шолпан Акимбекова: «Аграрлық ғылым ауыл тұрғындарының өміріне тікелей әсер етеді»

in Жаңалықтар 11.03.2026

Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Шолпан Акимбекова республикалық Zont News басылымына берген сұхбатында аграрлық ғылымдағы әйелдердің рөлі, ауылдық аумақтарды дамыту және тұрақты ауыл шаруашылығының қазіргі үрдістері туралы айтты. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз: https://zontnews.kz/ru

Мемлекеттік қолдау және қарсы міндеттемелер механизмі: Қазақстанда өсімдік және мал шаруашылығы қалай дамып келеді

in Жаңалықтар 11.03.2026

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызға ие. Жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 6 % болғанымен, ауыл шаруашылығы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау өсімдік және мал шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі болып отыр. Бұл туралы Қазақ аграрлық экономика және ауылдық аумақтарды […]

ҚазАӨКЭжААДҒЗИ базасында НАНОЦ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

in Жаңалықтар 06.03.2026

2026 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының (ҚазАӨКЭжААДҒЗИ) базасында және «Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы» РҚБ-мен бірлесіп Институт ғалымдары мен ҰАҒА ҚР Президиумы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Максим Юрьевич Сутула қатысты. Сонымен қатар жиынға […]

Шағын органикалық фермерлер үшін тікелей сату – табыстың кепілі

in Жаңалықтар 02.03.2026

Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығы дамып келеді, бірақ шағын фермерлер өнімді тиімді сатудың жолын іздеуде. КазАТУ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық жерлерді дамыту ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, KAZFOAM федерациясының төрағасы Евгений Климов шағын фермерлер үшін перспективалы сату арналары мен кірісті арттыру жолдарын ZontNews.kz сайтына айтып берді. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыздар: https://zontnews.kz/…/shayn-organikaly-fermerler-shin… @agro__press @nasec.kz

АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту институтында «АУЫЛ» партиясының сарапшылық форумы өтті

in Жаңалықтар 28.02.2026

25 ақпан күні Алматы қаласында «АУЫЛ» партиясы ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылық форум өтті. Іс-шараға Қазақ агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен партия белсенділері қатысты. Форум барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының елдің саяси жүйесін жетілдірудегі, қоғамдық келісімді нығайтудағы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі […]

Мал шаруашылығын дамыту жоспары саланың стратегиялық тірегіне айналады

in Жаңалықтар 25.02.2026

2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Президент тапсырмасын орындау аясында әзірленді және ведомстволық емес, стратегиялық сипатқа ие. Бұл туралы АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі ҚазҒЗИ аға ғылыми қызметкері Омашев Қайырғали Бейсенұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, құжатта мал шаруашылығы алғаш рет кешенді түрде қарастырылған. Жоспар қаржылық тетіктерді, […]

Астанада Қазақстан АӨК-інің болашағы талқыланды

in Жаңалықтар 24.02.2026

19 ақпанда Астанада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында аграрлық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу және АӨК-ті дамытуға арналған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға ғылыми қауымдастық, агробизнес өкілдері, «ҰАҒБО» еншілес ұйымдарының қызметкерлері және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиында ҚазАӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ басқарма төрағасы Есенбай Исламов талқылауға қатысты. Ол мал шаруашылығында селекциялық-асылдандыру, […]

Жеке қосалқы шаруашылықтан отбасылық фермаға: Қазақстандағы аграрлық трансформация

in Жаңалықтар 11.02.2026

Қазақстандағы ауыл шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтар ғасырлар бойы отбасылық табыс пен азық-түлік көзі болып келген. Қазіргі кезеңде аграрлық секторда экономикалық тиімділікті арттыру және нарыққа бейімделген құрылымдарды дамыту маңызды мәселе болып отыр. А.Б. Молдашев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазАШҒЗИ экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту» ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері атап өткендей, Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жеке […]