«ҰАҒБО» КаАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов АӨК және ҚазАӨКЭжААТДЭ» ҒЗИ-на барды
2025 жылғы 6 қараша күні «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Қонұрбайұлы Асанов «АӨК және ауылдық аумақтарды дамыту экономикасы Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұжымымен кездесті.
Сапар барысында Бауыржан Асанов институттың инфрақұрылымымен және қызметімен танысып, құрылымдық бөлімшелерді аралап, жүргізіліп жатқан зерттеулер мен жобалар туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында институттың аймақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысуы, әкімдіктермен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тәжірибелік және консалтингтік жұмысты күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кооперацияны дамыту, кластерлік тәсілді жетілдіру, жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру және агробизнесті тиімді жүргізу бағыттарына назар аударылды.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенге арналған заңнамалық және нормативтік актілерге ұсыныстар енгізу, сондай-ақ қажетті нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы экономикалық зерттеулер мен агробизнеске қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде нақты ұсынымдар берді.
Кездесу іскер және сындарлы жағдайда өтті.



