Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дс-Жм)

Blog

ҚазЕӨШҒЗИҚ және РСТ қызметкерлері ғылым қызметкерлері күніне орай марапатталды

in Жаңалықтар 06.11.2025
«ҰАҒО» КЕАҚ «Ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлестері мен көпжылдық адал еңбектері үшін институт қызметкерлері ведомстволық және корпоративтік марапаттарға ие болды.
«Еңбек ардагері» медалімен
– Акимбекова Чулпан Уйсимбекқызы, сыртқы және ғылыми байланыстар бөлімінің меңгерушісі марапатталды.
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен
– Баймуханов Аскар Боранқұлұлы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және логистика бөлімінің меңгерушісі марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен
– Джамбаева Гүлзада Алдабергенқызы, АӨК экономикалық реттеу бөлімінің меңгерушісі марапатталды.
Қоғам Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасымен
– Досумова Жанат Сапарбекқызы, ауылдық аумақтар және органикалық ауыл шаруашылығы бөлімінің аға ғылыми қызметкері марапатталды.
Алғыс хатпен
– Нұрғалиева Лаура Бақытбекқызы, жетекші бухгалтер марапатталды.
Басқарма төрағасы Есенбай Исламов ұжымды кәсібилігі мен ғылыми ізденістерге адалдығы үшін алғыс айтып, институт жетістіктері осындай мамандардың еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.