Blog

Агробизнес пен шаруалар кооперация артықшылықтарын талқылады

by 25.08.2025
2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырды. Лектор ретінде АӨК кооперация және интеграция бөлімі меңгерушісі Қасқабаев Ұлан Рахметоллаұлы сөз сөйледі.
Семинар 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджет бағдарламасы және 100 «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін тегін ақпараттандыру» кіші бағдарламасы аясында, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының базасында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кооперацияның заманауи тетіктері туралы ақпараттандыру, тәжірибе алмасу және өңірдің аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдер әзірлеу.
Семинарға Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, соның ішінде Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарынан келген фермерлер, жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылық кооперативтерінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың – әкімдіктер мен бейінді бөлімдердің мамандары қатысты. Қатысушылар кооперативтік қозғалысты ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудағы маңызды құралдардың бірі ретінде атап өтті.
Семинар барысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несиелендіру, өнімді өткізу мен қайта өңдеудегі қиындықтар сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Назар ауыл шаруашылық кооперативтерін дұрыс ұйымдастыруға, «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» жаңа заңның негізгі ережелеріне, шаруашылықтарды кооперативтерге біріктірудің артықшылықтарына және кооперативтік қозғалысты мемлекеттік қолдау шараларына аударылды.
Іс-шарада ауыл шаруашылық кооперативтерін құрудың оң тәжірибелері көрсетіліп, кооперативтерді қазіргі жағдайда ұйымдастыру мен тиімді жұмыс істеу жөнінде практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық кооперативтері мен жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперация» бағыты бойынша курстан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері: өңірлік дамудың тиімді тетігі

by 21.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына оңтайлы ықпал ету» тақырыбында семинар өтеді. Іс-шара «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасы және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 кіші бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.

Семинарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, кооперативтердің төрағалары мен мүшелері, жергілікті басқару органдары және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады. Қатысушылар ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың артықшылықтары, құқықтық базасы, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алып, тәжірибелік сабақтардан өтеді.

Уақыт Дәріс тақырыптары Эксперт, лектор
930-1000 Қатысушыларды тіркеу Каскабаев У.Р.

 

1000 -1020 1.      ҚР-да ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың қажеттілігі мен басымдығы Каскабаев У.Р.
1020-1040 2.      Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың құқықтық базасы, шағын шаруашылық нысандарын ауылшаруашылық кооперативтеріне біріктірудің негізгі артықшылықтары Каскабаев У.Р.
1040-1110 3.      Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың және олардың жұмыс істеуінің шаруашылықішілік тетігі Каскабаев У.Р.

 

1110—1140 4.         Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру артықшылықтары Каскабаев У.Р.
1140—1200 Сұрақ-жауап  
1200—1220 Кофе брейк  
Семинардың практикалық бөлімі
1220-1300 Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің әртүрлі модельдерін құру және тиімді жұмыс істеу тетігін әзірлеу жөніндегі практикалық сабақтар Каскабаев У.Р.

 

1300-1315 Семинар тақырыбын талқылау. Сұрақ-жауап Сертификаттарды тапсыру Каскабаев У.Р.

 

«Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасы                                                     Е.И. Исламов

  Лектор У.Р. Каскабаев

Агроөнеркәсіптің болашағы: кооперация, органикалық өндіріс және цифрландыру – бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығына не қажет

by 31.07.2025

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі қазіргі жағдай, фермерлік шаруашылықтарды дамытудағы жасырын кедергілер, кооперацияның шынайы рөлі, мемлекеттік қолдауды реформалау қажеттілігі және органикалық егіншіліктің әлеуеті туралы – Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исламовпен болған кең көлемді сұхбатта.

– Есенбай Исраилұлы, бүгінгі таңда Қазақстан ауыл шаруашылығы үшін қандай экономикалық және ұйымдастырушылық үлгілер өміршең болып саналады?

– Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі үлгілердің өмір сүруге құқығы бар. Сіз дұрыс атап өткеніңіздей, олардың тиімділігінің негізгі өлшемі – бұл экономикалық орындылығы, яғни табыс әкелу қабілеті.

Егер ауыл шаруашылығын бизнес ретінде қарастырсақ, онда кез келген кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты – пайда табу. Бұл салада барлық жағдайға бірдей келетін әмбебап үлгі жоқ. Барлығы табиғи-климаттық жағдайлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндірудің рентабельділігіне байланысты.

Өмір өз шарттарын қояды. Қазақстанда дәнді дақылдар өндірісінде заңды тұлғалар түріндегі ірі агроқұрылымдар басым.

2023 жылы еліміздегі жалпы егіс көлемі 23,8 млн гектарды құрады (2024 жылға нақты деректер Ұлттық статистика бюросы тарапынан шамамен қазан-қараша айларында жарияланады), соның ішінде 14,5 млн гектары немесе 60,7%-ы заңды тұлғаларға тиесілі болды.

Алайда дәнді дақылдар өндірісінде заңды тұлғалардың үлесі 65%-ды, яғни еліміздегі егістік жерлердің үштен екісіне жуығын құрады, майлы дақылдар бойынша – шамамен 60%, ал картоп өсіруде – 30%-дан аз, көкөніс шаруашылығында – небәрі 4%-дан сәл ғана артық.

Мал шаруашылығында 6,6 млн бас ірі қара малдың тек 13%-ы ғана заңды тұлғалардың меншігінде, 43%-ы – шаруа қожалықтарында, ал 44%-ы – халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында ұсталуда.

19 млн бас ұсақ мал (қой мен ешкі) санының ішінде заңды тұлғалардың үлесіне – 7%-дан аз, шаруа қожалықтарына – шамамен 50%, жеке қосалқы шаруашылықтарға – 43%-ы тиесілі.

Айта кету керек, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының басым бөлігі – шағын шаруашылықтар, өйткені бір шаруашылықта орта есеппен 230-дан аз қой және 80-нен аз ірі қара мал бар.

Егіншілік саласында да жағдай осыған ұқсас. Барлық 271 693 тіркелген шаруа қожалықтарының ішінде тек 105 027-сінде ғана егістік жер бар, бұл – 40%-дан аз. Осы 105 027 шаруашылықтың ішінде 77%-ы, яғни 80 982 қожалық 918 855 гектар жерді игеріп отыр. Бұл бір шаруашылыққа шаққанда орташа есеппен 11,3 гектардан келеді.

Бұл мәліметтер Қазақстан ауыл шаруашылығына ұсақ тауарлы өндірістің тән екенін көрсетеді. Талдау көрсеткендей, еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 80%-ы шағын шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі.

Алайда мұндай жағдай тек Қазақстанға ғана тән емес. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) жуырда 93 елде жүргізген зерттеу нәтижесінде барлық дерлік елдерде осындай көрініс байқалатынын анықтады: ішкі тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 80%-ын ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 5 гектардан аспайтын шағын отбасылық фермалар өндіреді.

Қазақстан заңнамасында «отбасылық фермерлік шаруашылық» ұғымы жоқ. Бұл санатқа жеке қосалқы шаруашылықтар және тек отбасы мүшелерінің күшімен, жалдамалы жұмыс күшін тартпай жұмыс істейтін шағын шаруа қожалықтары жатады.

Бұрын айтып өткенімдей, 50 мың гектардан астам ірі шаруашылықтар – әсіресе дәнді және майлы дақылдар өндірісінде – дақылдарды ауыспалы егіс тәртібімен өсіру қажеттігіне байланысты өз орнын сақтап отыр.

Сонымен қатар, бұл дақылдарды өсіру қуатты тракторлар мен комбайндарды қажет етеді, ал олардың экономикалық тиімділігі тек үлкен көлемде пайдаланылғанда ғана байқалады. Ал көкөніс пен жеміс-жидек өндірісі әлі де қол еңбегіне тәуелді. Сондықтан бұл салаларда ұсақ шаруашылықтар басым.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлі түрлерін өндірумен ірі де, шағын да кәсіпорындар айналыса алады. Мысалы, етті ірі қара өсірумен көбіне ұсақ шаруа қожалықтары айналысады, ал мал бордақылаумен – ірі бордақылау алаңдары шұғылданады. Мәселен, АҚШ-та бір уақытта 30–50 мың басқа дейін ірі қара бордақылайтын кешендер бар. Алайда мұндай ірі алаңдар жеткілікті көлемде сапалы жем-шөппен қамтамасыз етілуі керек.

Сондай-ақ, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығында өнім өндірушілермен қатар, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы салаларына қызмет көрсететін инфрақұрылым – яғни аграрлық қызметтер саласы маңызды рөл атқарады. Бұл салаға ветеринария, өсімдіктерді қорғау, мал азығын дайындау, өнім өткізу, техника, құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен мал жеткізу, механикаландыру, мелиорация, ғылым, кадрлар даярлау, сақтау және көлік қызметтері кіреді.

Нарық жағдайында мұндай қызметтер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей ауыл еңбеккерлерінің өздері құрған сервистік тұтыну кооперативтері арқылы көрсетілуі тиіс.

Осы орайда екі маңызды жайтқа назар аударғым келеді. Біріншіден, сервистік тұтыну кооперативтерін өндірістік кооперативтермен шатастыруға болмайды. Олар – мақсаттары мен міндеттері бойынша мүлде бөлек құрылымдар.

– Фермерлік шаруашылықтардың табысты агроөндіріс субъектілеріне трансформациялануына қандай негізгі кедергілер тосқауыл болып отыр?

– Қазіргі ауыл шаруашылығының негізгі проблемасы – тиімділіктің және табыстылық деңгейінің төмендігі. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз күштерімен құрылған сервистік-тұтынушылық кооперацияға негізделген толыққанды инфрақұрылымның жоқтығы.

Бүгінде фермерлер мал, тұқым, тыңайтқыш, пестицид, техника, жабдық, қосалқы бөлшектер және жанар-жағармай сияқты қажетті ресурстарды өз бетімен сатып алуға мәжбүр. Олар өнімді өткізу мен сатып алушы іздеу мәселесін де өздері шешеді. Сонымен қатар, фермерлер өсімдіктер мен малдардың ауруларына қатысты технологиялық мәселелермен де жеке шұғылданады. Олар несиелер мен субсидиялар алудың жолдарын іздеуге де өз уақытын жұмсап жүр.

Бұл мәселелерді ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өздері бірігіп құрған сервистік-тұтынушылық кооперативтер арқылы шешуге болар еді.

Тағы бір үлкен мәселе – ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесінің, әсіресе субсидиялар мен несиелеу тетіктерінің ескіргендігі. Бұған қоса, агроөнеркәсіптік кешенге ғылыми, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қолдау да саланы дамытудың мемлекеттік тетіктерінің бірі ретінде маңызды рөл атқарады.

Қолданыстағы жүйе ширек ғасырдан астам уақыт бұрын жасалған, ол кезде совхоздар жекешелендіріліп, олардың орнына жаңа заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтары құрылып жатқан еді. Ол кезеңде олардың басшыларының көпшілігі ауыл шаруашылығы саласының мамандары болмаған. Сол себепті мемлекет ұсынған қолдау шаралары жаңа тұқымдар, тұқымдық мал, тыңайтқыштар, техника және басқа да ресурстарды пайдалануды ынталандыруға бағытталды.

Алайда қазіргі жағдай мүлде өзгерді. Жаңа буын білімді фермерлер өсіп шықты. Сонымен қатар, Қазақстан көрші елдердің – Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстан – тарапынан бәсекелестік қысымын сезінуде.

Климаттың жаһандық өзгеруі де барған сайын айқын сезіле бастады. Қуаңшылық жылдар жиіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің басты факторы саналатын топырақ деградациясы кең ауқымда жүріп жатыр. Аграрлық өндірісті салықтық ынталандыру жүйесін де жетілдіру қажет. Белгілі болғандай, салықтың екі функциясы бар: фискалдық және ынталандырушы. Өкінішке қарай, көбіне бірінші функция басымдыққа ие болып келеді.

Ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету жүйесінің өзі де түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Ең алдымен, технологияларды трансферттеу, білім беру және коммерцияландыру офистерінің санын көбейту қажет.

– Институт агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік дотациялар тиімділігін зерттеп жүр ме?

– Бұған дейін мен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көрші мемлекеттердегі әріптестерінен, әсіресе Ресейден келетін бәсекеге төтеп беруге мәжбүр екенін атап өткен едім. Бұрын бұл елден негізінен қайта өңделген өнімдер әкелінсе, соңғы кездері ет, шикі сүт, көкөністер мен дәнді дақылдардың жеткізілімі жиілеп барады. Кейбір сарапшылар Ресейден келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне шектеу қоюды ұсынады.

Алайда біз 7600 шақырым құрлық шекарасын қалай жаппақпыз? Сонымен қатар, Қазақстан экспортының 90%-ы Ресей аумағы арқылы жүзеге асырылатынын да ұмытпауымыз керек. Егер біз Ресейден келетін өнімге тыйым салсақ, Ресей Қазақстан мұнайы, газы, кені мен металдарын транзитке шығаруға шектеу қоюы мүмкін емес пе?

Ең тиімді жол – қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған экономикалық шараларды қабылдау. Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын тікелей субсидиялау жүйесіне көшу қажет.

Фермерлерге арзан несие беру тәжірибесін кеңінен қолдану керек. Несие қолжетімді болуы үшін субсидиялардың едәуір бөлігін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағыттаған жөн.

– Институт органикалық және климатқа төзімді ауыл шаруашылығы стратегиясын қалыптастыруда қандай рөл атқарады? Ауыл шаруашылығындағы көміртек ізін азайтуға бағытталған зерттеулер немесе пилоттық жобалар жүргізіле ме?

– Институт органикалық ауыл шаруашылығын тұрақты агробизнестің маңызды бағыты ретінде дамытудың стратегияларын әзірлеуде негізгі рөл атқарады. Біз органикалық егіншілікті агроэкожүйелерді сақтауға және елдің ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұтас, экологиялық теңгерімді өндіріс жүйесі ретінде қарастырамыз.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, органикалық ауыл шаруашылығы дамыған елдерде бұл секторға мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі қолдау көрсетіледі. Бұл тек органикалық жер аумақтарының қарқынды өсуімен ғана емес, тұрақты тұтынушылық сұраныстың қалыптасуымен де дәлелденіп отыр. 2022 жылы әлемдегі органикалық егістік жер көлемі 96,4 млн гектарға жетіп, бір жыл ішінде 26,6%-ға артты. Органикалық өнім өндірушілер саны бойынша Үндістан, Уганда және Тайланд көш бастап тұр. Ал ең ірі органикалық нарық – АҚШ (әлемдік көлемнің 43%-ы).

Қазақстан бойынша айтсақ, өкінішке қарай, сертификатталған органикалық өнім туралы ресми статистика жоқ. Халықаралық бағалауларға сәйкес, соңғы төрт жылда Қазақстандағы органикалық жерлер көлемі 294,3 мың гектардан 103,4 мың гектарға дейін қысқарған. Алайда біздің есептеулеріміз бойынша, нақты көрсеткіш бұдан кемінде 140 мың гектарға көп, бұл қолданыстағы есеп жүргізудің жеткіліксіздігін және сенімсіздігін көрсетеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік статистика көбінесе сауалнама негізінде емес, сертификатталған нақты деректер негізінде жүргізілуі тиіс.

Біздің институт органикалық сектордың қазіргі шектеулері мен әлеуетін зерттеп келеді. Біз бірнеше жүйелік мәселені анықтадық: сертификаттау құнының жоғарылығы, мемлекеттік органдар мен бизнес тарапынан әлсіз қатысу, нарық қатысушыларының маркетинг пен экспорттық логистика бойынша біліктілігінің төмендігі. Бұл факторлар органикалық сектордың дамуын тежеп, халықаралық нарыққа шығуына кедергі келтіруде.

Соған қарамастан, Қазақстанда ЕО нарығына экспортқа бағытталған өндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Органикалық өндірушілер одағының деректері бойынша, 2023 жылы 23 млн АҚШ долларынан астам сомаға 26 мың тонна органикалық өнім экспортталған. Сондай-ақ, 2023 жылы «Organic Village» компаниясы ұлттық стандарттар бойынша алғашқы органикалық сертификатты иеленді.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, органикалық технологияларға көшу кезінде туындайтын тәуекелдер (мысалы, өнімділіктің төмендеуі) көбіне асыра көрсетіледі. Қазақстан жағдайында минералдық тыңайтқыштар аз мөлшерде пайдаланылатындықтан, органикалық және дәстүрлі өндіріс арасындағы өнімділік айырмашылығы айтарлықтай емес немесе тіпті органиканың пайдасына болуы мүмкін.

Біз ішкі нарықты дамыту мәселесіне ерекше назар аударамыз. Халық табысы бойынша жүргізілген талдау Қазақстанда экологиялық таза әрі сапалы өнім үшін артық төлеуге дайын тұтынушылар тобы қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан ішкі сұранысты ынталандыру – экспортпен қатар стратегиялық бағыт болуы тиіс.

2024 жылы «Органикалық өнім өндіру және айналымы туралы» жаңартылған заң қабылданды. Ендігі маңызды қадам – оны жүзеге асыруға арналған ұлттық стратегия немесе іс-қимыл жоспарын қабылдау. Біз мемлекеттік қолдау шаралары ретінде мыналарды ұсынамыз:

  • өткел кезеңінде және органикалық шаруашылықтар тұрақты жұмысқа көшкен алғашқы жылдары бір гектарға төленетін субсидиялар;
  • сертификаттау шығындарының 30–50%-ын субсидиялау;
  • органикалық өнімді сақтау және қайта өңдеуге арналған шағын кәсіпорындарға мемлекеттік инвестициялар.

Бұдан әрі консультациялық қызметтерді қаржыландыру, жергілікті нарықтарда өткізу инфрақұрылымын дамыту, пилоттық жобаларға қолдау көрсету және органикалық өнімдерді әлеуметтік мекемелерге (балабақша, мектеп, аурухана және т.б.) сатып алу ынталандыру шаралары қолға алынуы мүмкін.

Біз Қазақстанда органикалық агросекторды дамытудың екі негізгі моделін көреміз:

  1. Отбасылық органикалық модель – экологиялық өмір салты мен жергілікті нарыққа бағдарланған ұсақ фермерлер мен үй шаруашылықтарына негізделген.
  2. Бизнестік органикалық модель – агротуризм, экодүкендер мен қайта өңдеуді қамтитын, ішкі және сыртқы нарықтарға бағытталған вертикалды интеграцияланған құрылымдар. Қазақстан жағдайында, география мен арақашықтықты ескере отырып, дәл осы модель неғұрлым перспективалы болып саналады.

Біздің есептеуіміз бойынша, мемлекет, бизнес және ғылыми қауымдастықтың теңгерімді саясаты мен бірлескен жұмысы арқасында Қазақстан 2030 жылға қарай органикалық жерлер көлемін 1 млн гектарға дейін жеткізе алады. Бұл ауыл шаруашылығын экологиялық жаңғырту мен агросектордың көміртек ізін азайтуға елеулі үлес болмақ.

Шығыстағы Дала күні: ғылым, бизнес және аграршылар арасындағы диалог – Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағы үшін

by 30.07.2025

2025 жылғы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы «ШҚОСХОС» ЖШС базасында Республикалық «Шығыстағы Дала күні» өтті – бұл еліміздің аграрлық саласындағы маңызды оқиғалардың бірі саналады. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрылымындағы «Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исламов қатысты.

Ауқымды жиын аграрлық ғылым, бизнес, мемлекеттік құрылымдар, ҰАҒБО еншілес ұйымдары мен Алматы, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген шаруа және фермерлік қожалық өкілдерін бір алаңда тоғыстырды.

«Шығыстағы Дала күні» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы аясындағы 100-ші «АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» қосалқы бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды.

Әртүрлі аймақтан келген аграршылар заманауи ғылыми әзірлемелермен танысып, оларды шаруашылықтарында қолдануға қажетті практикалық білім алды.

Іс-шараның салтанатты ашылуы кезінде «ШҚОСХОС» ЖШС Басқарма төрағасы Кенжегазы Тоқтасынов құттықтау сөз сөйлеп, ғылым, өндіріс пен мемлекеттің өзара ықпалдастығының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың өсімдік өсіру технологиясы, тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және мемлекеттік қолдауды пайдалану салаларындағы білімін арттыру.

Қонақтар отандық және шетелдік селекция жетістіктері ұсынылған демонстрациялық алқаптарды аралады. Мұнда майлы, малазықтық, дәнді және бұршақты дақылдардың, соның ішінде картоптың перспективалы сұрыптары мен будандары көрсетілді.

Сондай-ақ, «Астана АгроПартнёр» ЖШС және «Агротехменеджмент» ЖШС (SWISH GROUP бренді) серіктестері заманауи ауыл шаруашылығы техникасын көрсетті. Қатысушылар топырақты өңдеу, егу және дақылдарды күтіп-баптаудың тиімділігін арттыратын техниканың жұмысын тікелей бақылап көрді.

Пленарлық отырыс барысында келесі спикерлер құттықтау сөз сөйледі:
– ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков
– «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула
– «Астана АгроПартнёр» ЖШС Бас директоры Арман Айманбетов

Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Украина, Польша және Болгариядан келген жетекші мамандар мен ғалымдар баяндамалар жасап, агросектордағы озық тәжірибелермен бөлісті. Бұл пленарлық отырыс білім алмасуға, инновациялар енгізуге және агробизнес өкілдерімен, техника мен тұқым жеткізушілермен кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Қолданбалы зерттеулерге де ерекше назар аударылды:
«ШҚОСХОС» майлы дақылдар бөлімі бес күнбағыс буданын ұсынды, оның екеуі – жаңадан әзірленген, өнімділік әлеуеті 40–42 ц/га. Сәулетай буданы ерекше қызығушылық тудырды – 2025 жылға арналған аудандау жүргізілген және оған патент берілген, өнімділігі 42–43 ц/га.
Соя сұрыптары қатарында Алуа, Бірлік және жаңа Айша сұрпы таныстырылды.

Көрме экспозициясына қатысқан компаниялар мен ұйымдар:
• @astana_agro_partner – заманауи техника мен агротехнологиялар
• @ytotractor.kz – YTO тракторлары мен механизация
• @swissgrow.kz – Swiss Grow: биостимуляторлар мен тыңайтқыштар
• @navistar_asia – агробизнеске арналған цифрлық шешімдер
• @dronvko – Dizel Agro: дрондар мен дәл егіншілік сервистері
• @astananan – өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми әзірлемелер
• @avgustkazakhstan – өнімді қорғау құралдары
• @amanzholov_university – С. Аманжолов атындағы ШҚУ: білім беру және ғылыми қолдау
• @eurasiagroup_kz – әлемдік брендтердің техникасы және АӨК цифрландыруы
• @agro_mart.kz – тыңайтқыш пен агрохимия өнімдері қоймаларының желісі
• @bagration_almir – сүт өнімдері
• @microbio_kz –  микробиологиялық шешімдер мен биопрепараттар
• «Қазақ аграрлық сараптама» АҚ, Фитосанитарлық диагностика және болжау РМО (ШҚО филиалы)
• Ж. Жиембаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ – карантин және қорғау саласындағы ғылыми әзірлемелер

Ғылым, аграршылар мен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында «Шығыстағы Дала күні» өңірлік аграрлық инновациялардың нақты қозғаушы күшіне айналды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мазмұнды бағдарламасын және практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мұндай алаңдар ғылым мен өндірістің интеграциясын нығайтып, инновацияларды енгізуге және Қазақстан АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болады.

Барша қатысушылар мен серіктестерге кәсібиліктері мен ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреміз. Біз бірге Қазақстанның сенімді әрі тұрақты аграрлық болашағын қалыптастырамыз!

Ғылым мен технология – агроинновация көпірі: Ташкентте Қытай мен Орталық Азия елдерінің халықаралық форумы өтті

by 22.07.2025

2025 жылғы 17–19 шілде күндері Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің базасында «Қытай – Орталық Азия ғылым және технологиялар: биоқауіпсіздік және ауыл шаруашылығының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Ауқымды іс-шара Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Агроөнеркәсіп саласындағы білім және инновацияларды қолдау ұлттық орталығының қолдауымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Синьцзян ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Халықаралық ғылыми форумда Қазақстан атынан сөз алған «Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» ЖШС Бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының президенті Есполов Тілектес Исабайұлы «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық ғылымының қазіргі таңдағы жағдайы мен даму жолдары» атты мазмұнды баяндама жасап, ауыл шаруашылығы ғылымының жаңа белестері жайлы бөлісті.

Форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығындағы биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен инновациялық технологияларды енгізу, озат ғылыми идеяларды талқылау, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми-технологиялық серіктестікті одан әрі тереңдету болды.

Шара аясында Өзбекстанның Агроөнеркәсіп саласындағы білім және инновацияларды қолдау ұлттық орталығы мен Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті және Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылым академиясы мен Қазақ агроөнеркәсіптік экономикасы институты арасында өзара ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашпақ.

Форум жұмысына Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарының ғалымдары, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген жетекші аграршы-ғалымдар, ірі агрокомпаниялар мен холдингтердің өкілдері қатысты.

Форум барысында қатысушылар биоқауіпсіздік, климаттың өзгеруі, ауылды цифрландыру, агроэкология және жасыл технологиялар тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар жаңа технологиялық шешімдер таныстырылып, бірлескен ғылыми жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

 

2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысында «ҰАҒА» РҚБ және «Қазақ АӨК Э және ААД ҒЗИ» ЖШС делегациясының облыс әкімдігі мен осы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесуі өтті

by 26.06.2025

2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысында «Ұлттық Аграрлық ғылымдар академиясы» РҚБ және «Қазақ АӨК экономикасы және ААД институты» ЖШС делегациясының облыс әкімдігі мен осы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА Вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі — Жексембин Борибай Бикожайұлы, «ҚазҒЗИ Э АӨК және ААД» ЖШС Басқарма Төрағасы — академик Есенбай Исраилұлы Исламов, Қостанай облысы бойынша өңірлік орталықтың басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Борисұлы Исмуратов қатысты.
Б. Б. Жексембиннің сөзінде «ҚР ҰАҒА» РҚБ өңірлік инвестициялық жобаларды және АӨК, қайта өңдеу саласы саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерін ғылыми-консультациялық сүйемелдеуді, Орман, Су ресурстарын, биоәртүрлілік пен экологияны ұтымды пайдалану мен сақтауды қамтамасыз етуде үлкен әлеуетке ие екендігі атап өтілді. ҚР ҰАҒА академиктері көптеген жылдар бойы облыс әкімдігімен тығыз жұмыс істейді және ғылыми жобаларды іске асыруға және ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріс тәжірибесіне енгізуге белсенді қатысады. «ҚазҒЗИ Э АӨК және ААД» ЖШС Басқарма Төрағасы, академик Е.И. Исламов аудиторияны ҚазҒЗИ Э АӨК және ААД, сондай-ақ ҚР ҰАҒА қызметі туралы хабардар етті. ҚР ҰАҒА институты мен ғалымдарының Қостанай облысының АӨК субъектілерін олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін консалтингтік және ғылыми-өндірістік сүйемелдеуге дайындығын білдірді.
«Қостанай» өңірлік орталығының басшысы, Э.ғ. д., ҚИнЭУ профессоры.М.Дулатова, ҚР ҰАҒА академигі С. Б. Исмуратов өңірдегі ҚР ҰАҒА өкілі ретінде қатысушыларды аграрийлерді ғылыми қамтамасыз ету және облыстың АӨК үшін кадрлар даярлау жөніндегі ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.
Агроөнеркәсіп және фермер қожалықтарының басшылары өздерінің қолданбалы маңыздылығы мен нәтижелілігін арттыру, тұқым шаруашылығы жүйесін реформалау, топырақ ресурстарын қорғау, мал шаруашылығын дамыту, кадрларды оқыту, агробизнеспен жүйелі кері байланысты қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдаудың ұтымды және ғылыми негізделген экономикалық тетіктерін енгізу, кооперацияны дамыту және т. б. аспектісінде отандық аграрлық ғылымды дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.
Делегация Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы зауыттар мен кәсіпорындарға таныстыру сапарымен барып, қазақстандық қамтудың жоғары локализациясы бар ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, автоиндустрия зауыттарына барды.
Тараптар ҚР ҰАҒА ауыл тауар өндірушілеріне ғылыми-білім беру-консалтингтік қызметтер көрсету, инновацияларды енгізу бойынша ғылыми және сервистік қолдау көрсету, олардың қызметінің өзекті бағыттары: ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шаруашылықтың шағын нысандарын біріктіру, бастапқы өнімді сақтау, қайта өңдеу, өткізу және сервистік қызметтер көрсету, тұқым шаруашылығын дамыту, селекция, қорғау және карантин бойынша құзыреттерін арттыру арқылы ынтымақтасуға уағдаласты өсімдіктер, Орман шаруашылығы, топырақты қорғау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану, мал шаруашылығы, ветеринария саласында қарқынды технологияны енгізу, суарудың және кадрлар даярлаудың энергия-ресурс үнемдеуші технологияларын ілгерілету. Қажетті білім беру іс-шараларының жобалары мен бағдарламалары АШТӨ субъектілері мен мемлекеттік ұйымдардың, оның ішінде АӨК саласындағы табиғи ресурстар мен экологияның міндеттерін ескере отырып, қосымша әзірленетін болады.
Тиімді ынтымақтастық мақсатында Қостанай облысының әкімдігі, ҚР ҰАҒА және ҚазҒЗИ Э АӨК және ААД арасында АӨК-ті ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.
ҚР ҰАҒА Вице-президенті Б.Б. Жексембин ҚР ҰАҒА Президиумы және ҚазҒЗИ Э АӨК және ААД атынан аграрлық сала ғалымдарының өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инновацияларды ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

 

IMG (16)

 

IMG (14)

 

IMG (13)

 

IMG (12)

 

IMG (11)

 

IMG (10)

 

IMG (9)

 

IMG (8)

 

IMG (7)

 

IMG (6)

 

IMG (5)

 

IMG (4)

 

IMG (3)

 

IMG (2)

 

IMG (1)

 

Subscribe to our newsletter

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Proin porttitor nisl nec ex consectetur, quis ornare sem molestie.