Экстеншн жүйесін дамыту: КазНИИЭАПКиРСТ-тың 2025 жылғы жұмысының қорытындылары
2025 жылғы 15 желтоқсанда Ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты (ҚазАӨКЭжААДҒЗИ) «АУЫЛ» партиясының қалалық филиалымен және салалық қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, білім тарату жүйесін (Экстеншн) дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында 2025 жылғы 10 ақпандағы № 7 келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылған 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» ішкі бағдарламасы бойынша негізгі лекторлар мен спикерлердің есептері тыңдалды.
2025 жылы кооперация және органикалық өндіріс пен өңдеу бағыттары бойынша 2 офлайн семинар, сондай-ақ кооперация, АӨК-ті мемлекеттік қолдау және органикалық ауыл шаруашылығы тақырыптарында 10 вебинар өткізілді. Барлық іс-шаралар үшін оқу бағдарламалары әзірленіп, презентациялық материалдар қолданылды, тыңдаушылар тізімі қалыптастырылып, бейнежазбалар жүргізілді.
Жыл бойы өткізілген іс-шараларға 486 адам қатысты, бұл жоспарланған көрсеткіштен (355 адам) жоғары. Қатысушылардың негізгі бөлігін шаруа (фермер) қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, ғылыми-білім беру ұйымдары, СПК және АКК өкілдері құрады.
Семинарлар мен вебинарлар тыңдаушыларының сауалнамаларын талдау және дөңгелек үстел барысында өткен талқылаулар нәтижесінде Экстеншн бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, қатысушыларды онлайн форматта тұрақты сүйемелдеу, лекторлар құрамын кеңейту, қысқы кезеңде ұзақ мерзімді оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, цифрлық құралдарды енгізу және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту ұсынылды.
ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма Төрағасы Исламов Е.И. лекторлар мен «Агроконсалтинг» қызметі мамандарының үйлесімді әрі кәсіби жұмысын, сондай-ақ іс-шаралардың жоғары әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті. «АУЫЛ» партиясының Алматы филиалы, республикалық палаталар және аграрлық сала мамандары институт ғалымдарына көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.
Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылы Экстеншн жүйесі аясында бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты кеңейту жоспарланды.



