Жаңалықтар

Семейде қазақстандық қой шаруашылығының экспорттық әлеуеті талқыланды

in Жаңалықтар 25.09.2025

Бүгін, 2025 жылғы 25 қыркүйекте, Семей қаласында отандық қой шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған Халықаралық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уали, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы, Шәкәрім университеті, сондай-ақ Қазақстан, Пәкістан және Оман елдерінің жетекші сарапшылары қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы – кооперация тетіктерін енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану […]

Аграрлық ғылымның болашағы: Таразда саланы дамытудың жаңа жолдары талқыланды

in Жаңалықтар 19.09.2025

2025 жылғы 19 қыркүйекте Жамбыл облысының Тараз қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының көшпелі сессиясы өтті. Шара Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Негізгі тақырып — «Аграрлық ғылымның дамуы: өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктер». Көшпелі сессия жұмысына Жамбыл облысы әкімінің бірінші […]

ҚазҰАПКЭҒЗИ-де жапондық «ақылды» жылыжай технологиялары таныстырылды

in Жаңалықтар 19.09.2025

Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында (ҚазҰАПКЭҒЗИ) Ұлттық аграрлық ғылым академиясымен бірлесіп Жапониядан келген делегациямен кездесу өтті. Қонақтар қатарында Megumi Corporation Ltd., Nagashima Holding Company, Toyotane Co. Ltd., Sanshin Metal Working Co. Ltd. компанияларының басшылары мен өкілдері болды. Жапон мамандары гидропоника саласындағы инновациялық шешімдерін таныстырды. Атап айтқанда, DFT (су тереңдігі 10 […]

Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында Президент Жолдауы талқыланды

in Жаңалықтар 17.09.2025

2025 жылғы 16 қыркүйекте Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Отырысты ҚР ҰҒА академигі, ҰҒАА Президенті Тілектес Исабайұлы Есполов жүргізді. Жиынға офлайн форматта […]

Қазақстан мен Жапония күш біріктірді: «ақылды» жылыжай өндірісіндегі жаңа көкжиектер

in Жаңалықтар 15.09.2025

Бүгін, 2025 жылғы 15 қыркүйекте, АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҚазҒЗИ-да «ақылды» жылыжай технологиялары саласындағы жетекші жапон компанияларының басшылары мен өкілдері қатысқан кездесу өтті. Қонақтар қатарында — Megumi Corporation Ltd. компаниясының негізін қалаушы әрі акционері Кейчи Хоригомэ (Keichi Horigome), Nagashima Holding Company директор өкілi Хисанао Тсубой (Hisanao Tsuboi), Toyotane Co.Ltd. компаниясының директоры әрі атқарушы […]

Алматыда ғалымдар мен агробизнес өкілдері кездесті

in Жаңалықтар 25.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласында «АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Бақша шаруашылығында кооперацияны дамыту» тақырыбына арналған ғалымдар мен агробизнес өкілдерінің жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – бақша шаруашылығы саласының проблемалық мәселелерін жан-жақты талқылап, бірлесіп практикалық шешімдер қабылдау. Саланың өзекті мәселелерін шешудегі негізгі бағыттардың бірі ретінде ресурстарды біріктіру, шығындарды […]

Агробизнес пен шаруалар кооперация артықшылықтарын талқылады

in Жаңалықтар 25.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырды. Лектор ретінде АӨК кооперация және интеграция бөлімі меңгерушісі Қасқабаев Ұлан Рахметоллаұлы сөз сөйледі. Семинар 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджет бағдарламасы […]

Ауыл шаруашылығы кооперативтері: өңірлік дамудың тиімді тетігі

in Жаңалықтар, Хабарландыру 21.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына оңтайлы ықпал ету» тақырыбында семинар өтеді. Іс-шара «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасы және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 кіші бағдарламасы аясында өткізіліп […]

Агроөнеркәсіптің болашағы: кооперация, органикалық өндіріс және цифрландыру – бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығына не қажет

in Жаңалықтар 31.07.2025

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі қазіргі жағдай, фермерлік шаруашылықтарды дамытудағы жасырын кедергілер, кооперацияның шынайы рөлі, мемлекеттік қолдауды реформалау қажеттілігі және органикалық егіншіліктің әлеуеті туралы – Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исламовпен болған кең көлемді сұхбатта. – Есенбай Исраилұлы, бүгінгі таңда Қазақстан ауыл шаруашылығы […]

Шығыстағы Дала күні: ғылым, бизнес және аграршылар арасындағы диалог – Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағы үшін

in Жаңалықтар 30.07.2025

2025 жылғы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы «ШҚОСХОС» ЖШС базасында Республикалық «Шығыстағы Дала күні» өтті – бұл еліміздің аграрлық саласындағы маңызды оқиғалардың бірі саналады. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрылымындағы «Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исламов қатысты. Ауқымды жиын […]