А.А. Никонов атындағы ВИАПИ институтының 35 жылдығына арналған Ғылыми кеңес отырысы өтті
21 қазан күні А.А. Никонов атындағы Бүкілресейлік аграрлық мәселелер және информатика институтының 35 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыста Ресей мен Қазақстанның ғылыми ұйымдарының өкілдері, серіктестер мен қонақтар қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясының АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты атынан Галия Үйсімбекқызы Акимбекова құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол атап өтті: «35 жыл – бұл жай ғана дата емес, бұл аграрлық ғылымды дамытуға зор үлес қосқан адамдар мен идеялардың тарихы». Сондай-ақ ол: «ВИАПИ жылдар бойы аграрлық саланың зияткерлік негізін қалыптастыратын жетекші ғылыми орталыққа айналды», – деп атап өтті.
Сонымен қатар Галия Үйсімбекқызы «қазақстандық және ресейлік ғалымдардың берік шығармашылық достығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді».
Кеңес барысында агроэкономикалық зерттеулердің өзекті бағыттары, ауыл шаруашылығын цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.
«Институтқа одан әрі өркендеу, жаңа жетістіктер мен халықаралық деңгейде кеңінен танылуды тілейміз», – деп түйіндеді өз сөзін Г.Ү. Акимбекова.



