All posts by: Almagul

Қазақстан мен Жапония күш біріктірді: «ақылды» жылыжай өндірісіндегі жаңа көкжиектер

in Жаңалықтар 15.09.2025

Бүгін, 2025 жылғы 15 қыркүйекте, АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҚазҒЗИ-да «ақылды» жылыжай технологиялары саласындағы жетекші жапон компанияларының басшылары мен өкілдері қатысқан кездесу өтті. Қонақтар қатарында — Megumi Corporation Ltd. компаниясының негізін қалаушы әрі акционері Кейчи Хоригомэ (Keichi Horigome), Nagashima Holding Company директор өкілi Хисанао Тсубой (Hisanao Tsuboi), Toyotane Co.Ltd. компаниясының директоры әрі атқарушы […]

Алматыда ғалымдар мен агробизнес өкілдері кездесті

in Жаңалықтар 25.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласында «АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Бақша шаруашылығында кооперацияны дамыту» тақырыбына арналған ғалымдар мен агробизнес өкілдерінің жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – бақша шаруашылығы саласының проблемалық мәселелерін жан-жақты талқылап, бірлесіп практикалық шешімдер қабылдау. Саланың өзекті мәселелерін шешудегі негізгі бағыттардың бірі ретінде ресурстарды біріктіру, шығындарды […]

Агробизнес пен шаруалар кооперация артықшылықтарын талқылады

in Жаңалықтар 25.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырды. Лектор ретінде АӨК кооперация және интеграция бөлімі меңгерушісі Қасқабаев Ұлан Рахметоллаұлы сөз сөйледі. Семинар 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджет бағдарламасы […]

Ауыл шаруашылығы кооперативтері: өңірлік дамудың тиімді тетігі

in Жаңалықтар, Хабарландыру 21.08.2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына оңтайлы ықпал ету» тақырыбында семинар өтеді. Іс-шара «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасы және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 кіші бағдарламасы аясында өткізіліп […]

Агроөнеркәсіптің болашағы: кооперация, органикалық өндіріс және цифрландыру – бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығына не қажет

in Жаңалықтар 31.07.2025

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі қазіргі жағдай, фермерлік шаруашылықтарды дамытудағы жасырын кедергілер, кооперацияның шынайы рөлі, мемлекеттік қолдауды реформалау қажеттілігі және органикалық егіншіліктің әлеуеті туралы – Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Есенбай Исламовпен болған кең көлемді сұхбатта. – Есенбай Исраилұлы, бүгінгі таңда Қазақстан ауыл шаруашылығы […]

Ғылым мен технология – агроинновация көпірі: Ташкентте Қытай мен Орталық Азия елдерінің халықаралық форумы өтті

in Жаңалықтар 22.07.2025

2025 жылғы 17–19 шілде күндері Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің базасында «Қытай – Орталық Азия ғылым және технологиялар: биоқауіпсіздік және ауыл шаруашылығының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Ауқымды іс-шара Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Агроөнеркәсіп саласындағы білім және инновацияларды қолдау ұлттық орталығының қолдауымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Синьцзян ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен бірлесіп […]