Ауыл шаруашылығы кооперативтері: өңірлік дамудың тиімді тетігі
2025 жылғы 22 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына оңтайлы ықпал ету» тақырыбында семинар өтеді. Іс-шара «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасы және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» 100 кіші бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.
Семинарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, кооперативтердің төрағалары мен мүшелері, жергілікті басқару органдары және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады. Қатысушылар ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың артықшылықтары, құқықтық базасы, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алып, тәжірибелік сабақтардан өтеді.
| Уақыт | Дәріс тақырыптары | Эксперт, лектор |
| 930-1000 | Қатысушыларды тіркеу | Каскабаев У.Р.
|
| 1000 -1020 | 1. ҚР-да ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың қажеттілігі мен басымдығы | Каскабаев У.Р. |
| 1020-1040 | 2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың құқықтық базасы, шағын шаруашылық нысандарын ауылшаруашылық кооперативтеріне біріктірудің негізгі артықшылықтары | Каскабаев У.Р. |
| 1040-1110 | 3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың және олардың жұмыс істеуінің шаруашылықішілік тетігі | Каскабаев У.Р.
|
| 1110—1140 | 4. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру артықшылықтары | Каскабаев У.Р. |
| 1140—1200 | Сұрақ-жауап | |
| 1200—1220 | Кофе брейк | |
| Семинардың практикалық бөлімі | ||
| 1220-1300 | Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің әртүрлі модельдерін құру және тиімді жұмыс істеу тетігін әзірлеу жөніндегі практикалық сабақтар | Каскабаев У.Р.
|
| 1300-1315 | Семинар тақырыбын талқылау. Сұрақ-жауап Сертификаттарды тапсыру | Каскабаев У.Р.
|
«Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасы Е.И. Исламов
Лектор У.Р. Каскабаев



