Қазақ АӨК экономикасы ғылыми-зерттеу институты органикалық ауыл шаруашылығы бойынша консультациялар өткізуде
Қазақстанның АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты органикалық технологияларды енгізуге қызығушылық танытқан фермерлер мен агрокооперативтерге тұрақты түрде консультациялық қолдау көрсетуді жалғастыруда.
Консультациялар органикалық ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарын қамтиды:
органикалық стандарттар бойынша саңырауқұлақ өсіру; техникалық қарасора өсіру технологиялары; сапропельді өндіру және пайдалану; органикалық мал шаруашылығы және ветеринариялық талаптар; органикалық өнімді өткізу арналары және экспорттық мүмкіндіктер; ішкі бақылау жүйелері мен топтық сертификаттау.
Институт сарапшысы Евгений Владимирович Климов атап өткендей, консультациялар тұрақты түрде өтіп, барлық қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолжетімді.
Жұмыс 267-бюджеттік бағдарлама аясындағы 100-ші қосалқы бағдарлама бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» НАО қолдауымен жүзеге асырылуда.



