Кешенді жоспар азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуды қамтамасыз етеді – Есенбай Исламов
Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту кешенді жоспарының негізгі мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салаға қолайлы, тұрақты даму жағдайларын жасау, деп атап өтті ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма төрағасы Есенбай Исламов.
«Кешенді жоспарды әзірлеуге барлық мүдделі тараптар қатысты: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, агробизнес өкілдері, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, салалық бірлестіктер мен одақтар, «Атамекен» ҰКП және халықаралық ұйымдар. Жоба Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесінде талқыланды», – деді Есенбай Исламов.
Ол бұл бағдарламаның уақтылы және маңызды мемлекеттік құжат екенін атап өтті, онда мал шаруашылығын дамытудағы негізгі шаралар мен мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары көрсетілген. Мемлекет дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығын субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, инвестициялық бағдарламалар, жер ресурстарын бөлу, ғылыми сүйемелдеу және кадр дайындау арқылы қолдап келеді.
«Бюджет қаражатының рационалды пайдаланылмауы және кейбір мемлекеттік қолдау шараларының беделін түсіру тәжірибесін ескере отырып, Кешенді бағдарлама мал шаруашылығын мақсатты және адресалды қолдауға, агробизнес субъектілерінің жауапкершілігін қалыптастыруға және саланы жеңілдетілген кредиттік бағдарламаларға кезең-кезеңімен көшіруге арналған жаңа тәсілдерді ұсынады», – деді Исламов.
Бағдарлама мал шаруашылығы өнім өндірушілерінің жаңа дағдыларын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, кооперацияны нығайтуға, тиімді жоспарлауға, технологиялық процесстерді интенсификациялауға, малдың тұқымдық әлеуетін арттыруға, ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, ветеринарлық қауіпсіздікті күшейтуге, азық-түлік базасын нығайтуға, цифрлық құралдарды қолдануға және энергияны үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған.
«Кешенді жоспардағы көрсеткіштер жоғары, бірақ мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың үйлестіруімен және барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуымен қол жеткізуге болады. Біз бұл жоспар мал шаруашылығын дамытудағы жаңа тұрақты үлгіні қалыптастырып, агробизнесті жүйелі қолдауға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатынына сенімдіміз», – деп қорытындылады Басқарма төрағасы.

4343453587 (1)



