ҚазАӨКЭжААДҒЗИ базасында НАНОЦ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті
2026 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының (ҚазАӨКЭжААДҒЗИ) базасында және «Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы» РҚБ-мен бірлесіп Институт ғалымдары мен ҰАҒА ҚР Президиумы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Максим Юрьевич Сутула қатысты. Сонымен қатар жиынға академиктер, Институт қызметкерлері, жас ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ «Ауыл» партиясының Алматы филиалының жетекшілері қатысты.
Максим Юрьевич Сутула қатысушыларды агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен ғылыми ұйымдардың қызметін үйлестіру мәселелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол «ҰАҒБО» жүйесіне кіретін ғылыми ұйымдар мен аграрлық жоғары оқу орындары жүзеге асырып жатқан өзекті міндеттерге тоқталды.
Институттың 2025 жылғы қызмет нәтижелері, сондай-ақ ағымдағы жылы іске асырылып жатқан жобалар мен іс-шаралар туралы баяндама жасаған ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма төрағасы Есенбай Исраилұлы Исламов Институт жұмысының негізгі бағыттары мен аграрлық саясат пен экономика саласындағы жаңа тәсілдер туралы айтты.
Атап айтқанда, Институт ғалымдарының ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуы, өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуі, бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру аясында жаңа жобаларды қалыптастыру, сондай-ақ аналитикалық зерттеулер жүргізу және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар консалтингтік және білім беру қызметтерін дамыту, агроөнеркәсіптік кешен ұйымдары мен мамандарына арналған нормативтік-техникалық құжаттар мен практикалық ұсынымдар әзірлеу бағыттары талқыланды.
Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті. Жиын қорытындысы бойынша Институттың ғылыми әлеуетін арттыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми қамтамасыз етуді дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар мен іс-шаралар белгіленді.



