Аграрлық секторды жаңғырту: секция шешімдері бекітілді
2026 жылғы 29 мамыр күні Алматы қаласында «Агроинженерия, өңдеу және АӨК цифрландыру» секциясы «Аграрлық ғылымды және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми тұрғыдан қолдауды дамыту: теория, әдіснама және тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қалиев оқулары–1) аясында өтті.
Секция жұмысына ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының және оның филиалдарының, Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының, ҚазҰАЗУ, Алматы технологиялық университетінің, ҰАҒБО, ҚР ҒЖБМ ҒЗИ және шетелдік ғалымдар қатысты.
Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және саланы цифрландыру мәселелерін талқылай отырып, төмендегілерді атап өтті:
АӨК-ті дамыту ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің инновациялық технологияларын енгізуді талап етеді;
импортты алмастыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі маңызды;
функционалдық және мамандандырылған тағам өнімдерін дамыту өзекті;
цифрландыру және интеллектуалды жүйелер саланың негізгі даму бағыты;
тұйық цикл технологиялары мен қалдықтарды қайта өңдеу перспективалы;
өнім қауіпсіздігі мен сақтау технологияларын дамыту қажет;
халықаралық ғылыми ынтымақтастықты күшейту және нәтижелерді коммерцияландыру маңызды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:
ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу бағытындағы зерттеулерді жандандыру;
функционалдық тағам өнімдері мен құрамажем өндірісін дамыту;
импортты алмастыру және азық-түлік қауіпсіздігін ғылыми сүйемелдеуді күшейту;
АӨК-ке цифрлық технологиялар мен автоматтандыруды енгізуді кеңейту;
ресурстарды үнемдеу және қайталама шикізатты өңдеу технологияларын дамыту;
ғылым мен бизнестің байланысын нығайту және коммерцияландыруды қолдау;
халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру;
қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруды кеңейту;
кадр даярлау жүйесін жетілдіру;
конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдіру.
@agro__press @nasec



