ҰАҒБО агротехнологиялық хабқа трансформациялануда: стратегиялық сессия және ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұсыныстары
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ты агротехнологиялық хабқа трансформациялау жөніндегі даму стратегиясын талқылау» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.
Іс-шараға «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелері, аграрлық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ауыл шаруашылығы тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтарының басшылары, аграрлық технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының өкілдері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты.
Стратегиялық сессияның модераторы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков болды.
Сессия аясында жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтар және технологияларды коммерцияландыру орталығы сияқты негізгі үш кластердің ұстанымдары ұсынылып, білім, ғылым және өндірісті интеграциялау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар ҰАҒБО-ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында миссиясы, көзқарасы мен стратегиялық бағыттарын жаңарту бойынша ұсыныстар қаралды.
Стратегиялық сессия жұмысына ҰАҒБО жүйесіне кіретін 3 университеттің, 12 ғылыми-зерттеу институтының және 16 тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың бірінші басшылары қатысты. Іс-шараға Басқарма төрағасы Б.К. Асанов бастаған Басқарма мүшелері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.К. Тасжүреков төрағалық ететін Директорлар кеңесі қатысты. Қатысушылар назарына ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдарының ұсыныстары мен орталықтың стратегиялық даму жөніндегі көзқарасы ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жаңа Даму стратегиясында негізгі басымдықтарды келесі бағыттарға шоғырландыру қажет деген ортақ пікір қалыптасты:
бизнес-қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимыл тетіктері мен алаңдарын қалыптастыру;
ҰАҒБО жүйесіндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ішкі коллаборацияны күшейту;
жоғары оқу орындары, ҒЗИ және тәжірибелік шаруашылықтардың рөлін агротехнологияларды коммерцияландыруға бағытталған біртұтас инновациялық экожүйе тұрғысынан қайта қарау;
агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру бойынша бірыңғай цифрлық платформаны дамыту.
ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұсыныстары
Стратегиялық сессия барысында ҚазАӨКЭжААДҒЗИ Басқарма төрағасы Есенбай Исламов -тың даму стратегиясын іске асырудың тиімділігін (КПД) арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын ұсынды.
Атап айтқанда, келесі бастамалар көтерілді:
шетелдік серіктестер мен коммерциялық сектор өкілдерімен бірлесіп, бюджеттен тыс қаржыландыру есебінен ғылыми жобаларды іске асыру;
агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың экономикалық тетіктерін әзірлеп, авторлық куәліктер алу;
Қазақстан Республикасының АӨК үшін басым бағыттар бойынша пилоттық және енгізу жобаларын толық ғылыми сүйемелдеумен жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қатысты ғылыми негізделген нормативтік құжаттар мен ұсынымдар әзірлеу (1 гектар жерге және 1 бас ауыл шаруашылығы малына шаққандағы өндірістік шығындар нормативтері, өзіндік құнды есептеу және т.б.);
АӨК, аграрлық ғылым мен білім беру саласын дамытуға қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысу.
Стратегиялық сессия аграрлық ғылым мен білім беруді тәжірибелік нәтижеге, инновацияға және тұрақты дамуға бағытталған бірыңғай көзқарас аясында дамыту жолындағы маңызды қадам болды. ҰАҒБО Қазақстанда заманауи агротехнологиялық экожүйе қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.
@agro__press @nasec.kz



