Blog

ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұжымы президент Жолдауын тыңдады

in Жаңалықтар 28.10.2026

Бүгін ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады.

Іс-шара барысында қызметкерлер Мемлекет басшысының ел дамуының негізгі бағыттары, алдағы міндеттер мен стратегиялық басымдықтар жөніндегі ойларымен танысты.

Президент Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағдарларының бірі. Онда айқындалған міндеттер алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгілеуге және жаңа мақсаттарға қол жеткізуге негіз болады.

ҚазАӨКЭжААДҒЗИ ұжымы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, ғылыми әлеуетті арттыруға және еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуды жалғастырады.

@agro__press @nasec