Blog

Азық-түлік қауіпсіздігі мен өндірістің инновациялық дамуы талқыланды

in Жаңалықтар 23.10.2026

2026 жылғы 22 қазанда Алматы технологиялық университетінде «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны университеттің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Нұрахметов ашты. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Пленарлық отырыста Қазақ агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Басқарма төрағасының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Әкімбекова «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі: АӨК өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуін бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар тамақ және жеңіл өнеркәсіптің өзекті мәселелерін, өндірісті инновациялық дамыту жөніндегі шетелдік тәжірибені, азық-түлік қауіпсіздігін және қонақжайлылық индустриясында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Конференция қорытындысында салаларды инновациялық дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, жұмыс секциялық отырыстарда жалғасты.

@agro__press @nasec