Жаһандық климаттық өзгерістер және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері

2023 жылғы 20 маусымда Қасым Р.Т. «Жаһандық климаттық өзгерістер және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында негізгі жаһандық климаттық трендтер және олардың экономика мен қоғамға әсері қарастырылды. Сонымен қатар тұрақты даму (SDGs) мәселелері мен халықаралық климаттық бастамалар талқыланды.

Семинар климаттық үдерістер мен әлеуметтік-экономикалық даму арасындағы өзара байланысты жүйелі түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.

Семинарға ҚазҰАЗУ, М. Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ғалымдары қатысты. Сонымен қатар онлайн форматта С. Сейфуллин атындағы университеттің студенттері қатысты.

Семинар халыққа білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:

ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес: климаттық өзгерістерге қарсы шұғыл шаралар қабылдау»;

ТДМ 17 — «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әріптестік: ынтымақтастықты нығайту».