CRVA әдіснамасы: тәуекелдерді бағалаудың практикалық тәсілдері

2023 жылғы 12 қазанда Қасым Р.Т. жүргізген «CRVA әдіснамасы: тәуекелдерді бағалаудың практикалық тәсілдері» тақырыбында практикалық семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар CRVA құрылымымен, деректерді жинау және талдау әдістерімен, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау индикаторларымен танысты. Аналитикалық есептерді дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық бөлім алынған білімді нақты мысалдар арқылы бекітуге мүмкіндік берді.

Семинарға ҚазҰАЗУ, М. Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ғалымдары, сондай-ақ онлайн форматтағы қатысушылар қатысты.

Семинар халыққа білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:

ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес: климаттық өзгерістерге қарсы шұғыл шаралар қабылдау»;

ТДМ 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: сенімді инфрақұрылым құру».