Агроөнеркәсіптік кешендегі климаттық тәуекелдер

2024 жылғы 14 ақпанда Қасым Р.Т. «Агроөнеркәсіптік кешендегі климаттық тәуекелдер» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында ауыл шаруашылығына әсер ететін негізгі климаттық қауіптер, соның ішінде құрғақшылық және топырақтың деградациясы қарастырылды. Қатысушылар заманауи тұрақты агротехнологиялармен және бейімделу шараларымен танысты.

Іс-шара агросектордың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталды.

Семинарға ҚазҰАЗУ, М. Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ғалымдары, сондай-ақ онлайн форматтағы қатысушылар қатысты.

Семинар халыққа білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:

ТДМ 2 — «Аштықты жою: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту»;

ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес: климаттық өзгерістерге қарсы шұғыл шаралар қабылдау».