Энергетика және инфрақұрылымдағы климаттық тәуекелдер
2024 жылғы 18 сәуірде Қасым Р.Т. жүргізген «Энергетика және инфрақұрылымдағы климаттық тәуекелдер» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында климаттық факторлардың энергетика секторына әсері, жаңартылатын энергия көздерінің тұрақтылығы, сондай-ақ инфрақұрылымға төнетін тәуекелдер мәселелері қарастырылды. Энергия тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушыларға климаттық тәуекелдердің энергетикалық жүйелердің тұрақтылығына әсерін бағалауға мүмкіндік берді.
Семинарға ҚазҰАЗУ, М. Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ғалымдары, сондай-ақ онлайн форматтағы қатысушылар қатысты.
Семинар халыққа білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:
ТДМ 7 — «Қолжетімді және таза энергия: экологиялық таза энергияға қолжетімділік»;
ТДМ 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: сенімді инфрақұрылым құру»;
ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес: климаттық өзгерістерге қарсы шұғыл шаралар қабылдау».







