Су ресурстары мен сумен жабдықтауды басқарудағы климаттық тәуекелдер

2024 жылғы 25 маусымда Қасым Р.Т. «Су ресурстары мен сумен жабдықтауды басқарудағы климаттық тәуекелдер» тақырыбында практикалық семинар өткізді.

Семинар барысында су ресурстары тапшылығы мәселелері, ирригациялық жүйелер үшін тәуекелдер және су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар бейімделу стратегиялары ұсынылды.

Семинардың практикалық бөлімі кейстерді талдауды және шешімдерді талқылауды қамтыды.

Семинарға ҚазҰАЗУ, М. Тынышпаев атындағы АЛТ университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ғалымдары, сондай-ақ онлайн форматтағы қатысушылар қатысты.

Семинар халыққа білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарды түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қолдау аясында өткізілді:

ТДМ 6 — «Таза су және санитария: су мен санитарлық қызметтерге қолжетімділік»;

ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруімен күрес: климаттық өзгерістерге қарсы шұғыл шаралар қабылдау».