Молдашев: Цифрландыру мен ғылым аграрлық саланы жаңа деңгейге көтереді
ҚазАӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Молдашев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айтылған агроөнеркәсіп кешені мен аграрлық ғылымды дамыту бағыттарына қатысты пікір білдірді.
Ғалымның айтуынша, ұзақ мерзімді инвестициялар, 1,5 трлн теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиелеу, тамақ өнеркәсібін дамыту, отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және жасанды интеллектіні аграрлық секторға енгізу саланың өркендеуіне жаңа серпін береді.
Аграрлық ғылымның негізгі міндеттері қатарында селекция мен генетиканы дамыту, дәлме-дәл егіншілік пен цифрлық технологияларды енгізу, органикалық ауыл шаруашылығын өркендету, өнімді терең өңдеу және білікті мамандар даярлау бар.
Профессордың пікірінше, ғылым мен қаржыландыруға негізделген цифрлық трансформация еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның аграрлық өнім экспортындағы орнын күшейтеді.



