Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дс-Жм)

ИРН АР05133444

ИРН АР05133444 » Қазақстанның аграрлық секторын жаңғырту жағдайындағы азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы» ГРАНТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША НӘТИЖЕЛЕРІ

 

ИРН АР05133444

Жобаның атауы «Қазақстанның аграрлық секторын жаңғырту жағдайындағы азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы»

Жүзеге асырылу жылдары 2018 ж.

Мақсаты —— Қазақстанның азық-түлік жүйесінің жұмыс істеу процесін сипаттайтын ғылыми және практикалық нәтижелер алу және оның тұрақтылық мәселелерін анықтау.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:

— дамыған елдердің агроөнеркәсіптік өндірісін жаңғырту жағдайында олардың азық-түлік жүйесінің тұрақты жұмыс істеу тәжірибесі зерделенді;

— отандық азық-түлік жүйесінің жұмыс істеу процесі зерттелді;

— республиканың азық-түлік жүйесінің орнықтылығын төмендететін проблемалар анықталды.

Зерттеудің объектісі мен пәні республиканың азық-түлік жүйесі, оның құраушы элементтері мен тұрақты дамуды тежейтін мәселелер болып табылады.

Жұмыс нәтижелері — Қазақстанның ұқсас жүйесін дамытудың технологиялық саптамалары мен даму процесі өзгерген кезде дамыған елдердің азық-түлік жүйесінің тұрақты жұмыс істеу үлгілері зерттелді, оның орнықтылығын сипаттайтын, тұрақты дамуын тежейтін элементтері мен проблемалардан құралатын индикаторлар жүйесі анықталды.

Негізгі техникалық-экономикалық сипаттамалар: азық-түлік жүйесінің жай-күйін және оның дамуының тұрақтылығын анықтайтын сапалық көрсеткіштер.

Қолдану саласы — Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы экономикалық ғылым, білім беру, жаңғырту процестері жағдайында АӨК дамуының тұрақты үрдістерін қамтамасыз ету мақсатындағы елдің мемлекеттік басқару органдары.

Экономикалық тиімділігі дамудың жаңа технологиялық деңгейіне көшу жағдайында азық-түлік жүйесінің даму қарқынын сақтауға және орнықтылығының өсуіне бағытталған ғылыми және тәжірибелік нәтижелер алудан көрінеді.

Зерттеу объектісін дамыту туралы болжамды ұсыныстар ұсынылып отырған әзірлеменің Қазақстан халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасауға мүмкіндік беруімен анықталады.