Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дс-Жм)

«Аграрлық нарық проблемалары» журналы

Аграрлық нарық проблемалары

«Аграрлық нарық проблемалары» 

теориялық және ғылыми-практикалық журнал

«Аграрлық нарық проблемалары» — теориялық және ғылыми-практикалық журнал Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің аграрлық экономикасы проблемаларының кең спектрі, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың өзекті экономикалық мәселелері, аграрлық саясат стратегиясы, азық-түлік қауіпсіздігі, шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-экономикалық тетігі, мемлекеттік реттеу, ЕАЭО қатысушы елдерінің интеграциясы, Ақпараттық технологиялар, цифрландыру, экологиялық таза өнім өндірісі бойынша ғылыми мақалаларды жариялайтын мамандандырылған, салалық басылым болып табылады.

Редакциялық кеңес, сын-пікір берушілер және журнал авторлары жарияланымдармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде этикалық қағидаларды ұстанады, ғылыми жұмыстарды жасау, тарату және пайдалану процесінде авторлар, сын-пікір берушілер, редакторлар, баспагерлер мен оқырмандар арасындағы қарым-қатынаста кәсіби мінез-құлық нормаларының жүйесін сақтайды.

Журналда қызмет ету үшін ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, аграрлық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, АӨК мемлекеттік басқару саласының қызметкерлері, агроэкономикалық тақырып бойынша Қазақстаннан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, шет елдерден келген аграрлық бейіндегі ұйымдардың басшылары мен экономистері, сондай — ақ ғылыми бастамаларын қолдау және дамыту, кәсіби өсуіне жәрдемдесу үшін жас ғалым-докторанттар мен магистранттар тартылады.

Мақалаларды рәсімдеу мен мақалаларға сілтеме жасау бойынша журнал «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық ресімделуі»,  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелерінің» негізгі баспа стандарттарына сәйкес келеді.